қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.12.2018

Лилль Университеті делегациясының Абай атындағы ҚазҰПУ-ға сапары

 

  

 

2017 жылғы 7 желтоқсанда ҚазҰПУ-дың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Асан Сәтмырзаевтың Лилль Университетінің (Француз Республикасы) делегациясы Халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры, профессор Франсуа-Оливье Сейс, Басқару Институтының Халықаралық қатынастар бойынша директорының орынбасары Лилль Жюли Бастианутти, География факультетінің докторанты Мари Иликен, Қазақстан Республикасындағы Франция елшілігінің университеттер ынтымақтастығы бойынша атташесі Жиль Маметцпен кездесуі өтті.

 

Кездесу барысында Асан Сәтмырзаев университет туралы ақпарат ұсынды, Лилль Университетімен өзара тиімді екіжақты келісімге қол қоюға және ынтымақтастық орнатуға дайын екендіктерін білдіріп, екі диплом туралы бағдарламаларды, академиялық ұтқырлықты, Эразмус +: жоғары білім беру мен халықаралық кредит ұтқырлығын арттыру бағдарламаларын дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

 

Профессор Франсуа-Оливье Сейс «Абай-Верн» француз-қазақ студенттік ұтқырлық бағдарламасын қолдауға, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен ынтымақтастықты дамытуға, университеттер арасындағы келісімге қол қоюға, бағдарламалардың жобаларына бірлесіп қатысуға және Лилль университеті студенттерінің Абай атындағы ҚазҰПУ-да университетке дейінгі дайындық және шетел азаматтарына арналған факультетте орыс тілі курсы бойынша дайындықтан өтуіне қызығушылық танытты.

 

   

 

   

 

 

Халықаралық ынтымақтастық басқармасы