қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.01.2019

Қысқы мектеп аясындағы семинар


2019 жылы 10 қаңтарда Қысқы мектеп бағдарламасы негізінде Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Халықаралық ынтымақтастық басқармасы Нархоз университетімен бірлесе отырып, «ТЕМПУС, ЭРАЗМУС+ бағдарламарын жүзеге асыру үшін ең үздік тәжіребелерді қолдану арқылы ЖОО-ды дамыту» тақырыбында семинар өткізді.

 

Семинардың негізгі мақсаты: TEMPUS және ERASMUS+ бағдарламаларын жүзеге асыру үшін ең үздік тәжірибелерді қолдану арқылы университеттердің дамуына жәрдемдесу; халықаралық деңгейдегі TEMPUS және ERASMUS+ бағдарламаларын үлгіге ала отырып, ЖОО-дың құрылымдық бөлімшелерін дамыту және сапа мәдениетін қалыптастыру.

 

Семинар барысында «TEMPUS бағдарламасындағы TuCAHEA жобасы бойынша жалпы және пәндік құзыреттілікті анықтау әдістемесі», «TEMPUS бағдарламасындағы PEOPLE жобасы бойынша Қазақстанның ЖОО-да кадрлық басқаруды жетілдіру», «Мансаптық орталығының мүмкіндіктерін дамыту үшін TEMPUS бағдарламасындағы UNIWORK жобасының тәжірибелерін негізге алу», «ERASMUS+ бағдарламасындағы COMPLETE жобасы бойынша студенттер мен жұмыс берушілердің қарым-қатынастарын дамыту» тақырыптары талқыланды.

 

Семинар спикерлері, Нархоз университетінің жобаларының сарапшылары, білім беру бағдарламаларын дамыту бойынша тәжірибелермен, жалпы білім беру және пәндік құзыреттілікке байланысты ұсыныстарымен бөлісті. Қатысушылар университеттер қызметкерлерінің тиімді басқарудың заманауи құралдарын, HR менеджерлер интернет және интранет желісін пайдалану мүмкіндігін, университеттегі HR менеджментінің негізгі бағыттары бойынша сараптама топтарының құрулуын, адам ресурстарын басқару процестерін үшін университеттің даму стратегиясының әсері жайлы мәселелерді талқылады.

 

Семинарға қатысушылар университтітің жаһандық инновацияларға жауап беру қабілеті кезінде біліктілікті дамыту орталығының үлгісі мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы білді. Бұл модель дамыту орталықтарының педагогтарға, студенттерге және басқа да мамандарға білімдерін жетілдіруге, еңбек нарығында талап етілетін жаңа талаптарға жауап беруге және жұмысқа орналасу үшін қажетті жаңа құзыреттерді дамытуға жәрдемдеседі.

 

Семинарда ұсынылған материалдар TuCAHEA, PEOPLE, UNIWORK және COMPLETE жобаларында қолданылатын әдіснамалар мен әдістердің тиімділігін көрсетті.

 

Қысқы мектеп аясында ұйымдастырылған семинарда қатысушылар аса белсенділік танытты. Осындай бағдарламалар жас мамандардың кәсіби өмірге дайындалуына зор ықпалын тигізеді. Қатысушылар педагагогтар, студентер және университтетегі барлық мамандардың халықаралық конференция мен жобаларға қатысу арқасында ЖОО-дың тиімді жұмыс істеуіне зор үлесін тигізуі әбден мүмкін екендігі атап көрсетілді.

 

   

 

   

 

Халықаралық ынтымақтастық басқармасы