қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.01.2019

Білім және ғылым саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсыныстарды іске асыру мәселелерін талқылау

 

2019 жылдың 11 қаңтарында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім және ғылым саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсыныстардың бірінші кезеңін іске асыру барысы талқыланды.

 

Аталмыш іс-шараға Алматы қаласының жоғары оқу орындарының өкілдері (Абай атындағы ҚазҰПУ-дан бірінші проректор Мақтағали Бектемесов және профессор Бақытжан Төлеубекова), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар» ҒЗИ сарапшылары қатысты.

 

«Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесі алаңындағы өткізілген талқылау барысында жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологияларды енгізуді бағалау бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасының электрондық платформасы таныстырылды. Жоғары оқу орындарының өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсыныстардың орындалуы туралы есеп берді.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов және білім беру мекемелерінің басшыларының қатысуымен 2018 жылдың 16 қарашасында ҚР білім және ғылым саласына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсыныстардың 1 кезеңімен таныстырған болатын.


«Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Токушев, агенттік қоғам өмірінің барлық салаларында, соның ішінде жоғары оқу орындарының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша мақсатты түрде жұмыс жүргізіп жатқанын, талдау қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстарды енгізетінін атап өтті.

 

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің департамент басшысы Данияр Тамұрат, агенттік әзірлеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсыныстар жоғары оқу орындарының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыру үшін және ашықтық пен айқындықты орнатуға бағытталғанын айтты.

 

   

 

   

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім