қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
16.01.2019

«Денсаулық - 2019» cпартакиадасы

 

  

 

Салауатты өмір салтын насихаттау, университет ұжымының спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында 2019 жылдың 10-12 қаңтары аралығында университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында «Денсаулық - 2019» спартакиадасы өтті.

 

Спартакиада волейбол, үстел теннисі, шахмат, футзал, арқан тарту, коньки және шаңғымен сырғанау спорт түрлерінен жүргізілді. Іс-шараға барлығы 500-ге жуық ұстаздар мен қызметкерлер қатысып, бақ сынасты.

 

Олимпиаданың екі күнінде әуесқой спортшылардың жүлделер үшін күресі қарқынды және өте қызықты болды. Барлық командалар ойын барысында белсенділік танытып, өз мүмкіндіктерін көрсетті.


«Денсаулық-2019» спартакиадасының жабылуы 12 қаңтарда өтті. Жеңімпаз атанған үздік ойыншылар мен командаларға лайықты марапаттар табыс етілді.


Салтанатты шараны университетіміздің ректоры Такир Балықбаев ашты. Ректор барша спорттық командаларды спартакиаданың сәтті аяқталуымен құттықтап, қатысушыларға алғысын білдірді. Одан әрі шара марапаттау рәсіміне жалғасты.

 

Спорттық жарыстар нәтижесінде ең жоғары 44 ұпай жинаған Өнер, мәдениет және спорт институтының командасы І орынды иеленді. Ректорат командасы 37 ұпаймен ІІ орынға, Филология және көптілді білім беру институтының командасы 34 ұпаймен ІІІ орынға ие болды.

 

«Денсаулық-2019» спартакиадасының жеңімпаздары арнайы дипломдармен және ақшалай сыйақымен марапатталды:

I орын - 120 000 тг;

ІІ орын - 100 000 тг;

ІІІ орын - 80 000 тг.

 

Спорттық жарыстар барысында үздік ойындарымен ерекшеленген 1 команда және 9 ойыншы түрлі номинациялар бойынша ректор грамотасы және ақшалай сыйақымен марапатталды.

 

Қысқы спартакиада қатысушылардың ұжымдық бірлігін нығайтып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыра түсті.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және
жастар саясаты департамент

 



171

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler