қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.02.2019

Псков мемлекеттік университетімен жаңа серіктестік

 

  

 

2019 жылдың 11 ақпанындаАбай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев Псков мемлекеттік университетінің өкілдерімен, ректордың міндетін атқарушы Марина Махотаева, ректор Евгений Сагаидак пен Псков мемлекеттік университетінің халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Георгий Варламовпен кездесті.


Такир Балықбаев қонақтарды қарсы алып, оларға алғысын білдіріп, құрметті қонақтарды ҚазҰПУ қызметінің негізгі бағыттарымен және жетістіктерімен таныстырды. Кездесу барысында Псков мемлекеттік университетінің ректоры Марина Махотаева презентациясын баяндады. Кездесу барысында ғылымда бірлескен ынтымақтастық, педагогикалық мамандықтардағы қос дипломды бағдарлама, студенттердің академиялық мобильділігі және докторанттарға жетекшілік ету үшін магистранттар мен сыртқы жетекшілерге арналған ғылыми тағылымдамалар талқыланды. Сонымен қатар, кездесудің қатысушылары ЖОО арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктері, оның ішінде оқытушылардың бірлескен ғылыми-зерттеу қызметі және ғылыми іс-шараларға бірлескен қатысу мүмкіндігін талқылады.

 

Кездесу қорытындысы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ мен Псков МУ арасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

 

   

 

   

 

  

 

Халықаралық ынтымақтастық басқармасы