қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.05.2019

«Түйе палуан» қазақ күресінен турнир

 

2019 жылдың 10-11 мамыры аралығында Жастар жылына аясында жастар арасында қазақ күресін кеңінен насихаттау мақсатында Алматы қаласындағы ЖОО студенттері арасында қазақ күресінен «Түйе палуан» турнир өткізілді.


Шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген университет ректоры Такир Балықбаев білім ордамызда Жастар жылына орай ұйымдастырылып жатқан іргелі шараларыға тоқталып, турнир қатысушыларына сәттілік пен жеңіс тіледі. Сөз кезегін алған шараның арнайы қонақтары Қазақстан Республикасының қазақ күресінен мемлекеттік жаттықтырушы Жеңіс Биткозов, Қазақстан Республикасының қазақ күресі федерациясының бас хатшысы Бақдаулет Сабитов, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі Ерғали Мұхитдинов спортшыларға жылы лебіздерін білдіріп, алдағы ойындарына жеңістер тіледі.


Жарысқа Алматы қаласының 19 жоғары оқу орнынан 22 спортшы палуан қатысып, 85 кг жоғары салмақ дәрежесі бойынша күш сынасты. Додаға жоғары санаттағы төрешілер төрелік етті.


Турнирдің жалпы жүлде қоры I орынға - 200 000 теңгені, II орынға - 150 000 теңгені, III орынға - 95 000 теңгені құрады. Турнир қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 1 курс студенті Еркебұлан Жорабек жеңіп алса, ІІ орын иегері де университетіміздің 1 курс студенті Хамза Нұрсұлтан атанды. Жүлделі ІІІ орынға М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және байланыс академиясының 2 курс студенті Нұрбол Жаппар орналасты.


Қатысушы палуандарға арнайы сыйлықтар табысталып, жеңіске жеткен жеңімпаздар ақшалай сертификаттармен, университет ректорының дипломдары және алғыс хаттарымен марапатталды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты жөніндегі департамент