қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.05.2019

«Бәйшешек» Республикалық пленэрі

 

2019 жылдың 16-18 мамыр аралығында Өнер, мәдениет және спорт институтында алғашқы көрекмсуреттік - педагогикалық жоғары білімге 50 жыл толуына байланысты «Бәйшешек» тақырыбында Қазақстан бейнелеу өнері шеберлерінің және суретші-педагогтардың Республикалық пленэрі өтті.

 

 

Пленэрге республика бойынша келген қонақтармен қатар «Көркем білім» кафедрасының оқытушылар құрамы қатысуымен 50 -ден астам қыл қалам шеберлері қатысты. Ашылу салтанаты ӨМжСИ-дің оқу ғимаратнда өтіп,16-17 мамыр күндері «Ақ-бұлақ» демалыс орынында табиғат аясында шығармашылық жұмыс жүргізілді. 18- мамырда қатысушылардың пленэр жұмыстары ӨМжСИ-дің бас оқу ғимаратында көрмеге қойылып, көрменің ашылу салтанатына университетіміздің ректоры Такир Балықбаев құттықтау сөзін сөйлеп, проректорлар Мақтағали Бектемесов, Асан Сәтмұрзаев, Ақтолқын Кулсариева, Жанатбек Ишпекбаев, институт директоры Тоққожа Қожағұлов, атақты суретші Ерболат Төлепбай, т.б қонақтар мен институт оқытушылары және студенттері қатысты.

 

Көрмеге 100-ден астам пленэрлік жұмыс қойылып, қатысушыларға университет ректоры Такир Балықбаев өз қолымен сертификаттар табыс етті. ӨМжСИ-дің бас оқу ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ғимарат залында тұңғыш рет көрме ұймымдастырылып отыр. Көрме барысында кофе-брейк ұйымдастырылып, қатысушылар ыстық ықыластарын білдірді. Мерекелік шара жоғары деңгейде өтті.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Көркем білім беру кафедрасы