қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.06.2019

Абай атындағы ҚазҰПУ делегациясының ҚазҰАУ-ға сапары

 

2019 жылдың 17 маусымында Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев бастаған делегация Қазақ ұлттық аграрлық университетіне сапармен барып қайтты. Кездесуге проректорлар, департаменттердің және институттардың директорлары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.

 

Іс-шараны Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов ашып, Қазақстанның екі ірі университеттерінің өкілдерімен кездесудің маңыздылығын атап өтті.

 

Бағдарламаға сәйкес ҚазҰАУ ректоры Тілектес Есполов, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Бақыт Қалықова, ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Александр Курдеко, білім және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Жанар Дәуренбаева, аппарат бастығы Марина Алексеева, адам ресурстарын дамыту бөлімінің бастығы Дария Саудабаева, ұйымдастыру-құқықтық жұмыс бөлімінің бастығы Азамат Алтаев, стратегиялық даму бақармасының бастығы Укиляй Керімов баяндамалар жасады.

 

Кездесу барысында университеттің табыстылығының басты факторы -тиімді басқару, жоғары оқу орнын ұлттық зерттеу университетіне трансформациялау, адам ресурстарын дамыту, университеттің коммерциялық емес акционерлік қоғамға көшу ерекшелігі туралы егжей-тегжейлі айтылды.

 

Университет менеджментіндегі академиялық сапа, ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмыс, студенттік өмір және студенттік өзін-өзі басқару салалары бойынша параллель сессиялар өткізілді.

 

Сессия жұмысы барысында университеттің дамуына байланысты стратегиялық даму, жоғары білім беруді қаржыландыру, жобаны басқару, ұйымдастыру-құқықтық жұмыстары, бухгалтерлік есеп және есеп беру, халықаралық білім беру бағдарламаларын басқару, ситуациялық орталығының жұмысының тұжырымдамасы, сапаны қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, бағдарламалардың жыл сайынғы мониторингі, зерттеу университеті, ұлттық және халықаралық жобаларды басқарудың механизмі және гранттар (коммерцияландыру кеңсесінің StartUp жобалармен жұмысы туралы), студенттерді әлеуметтік қолдау, студенттік өзін-өзі басқару, студенттерге арналған бос уақытты өткізу орындары жөніндегі мәселелер қарастырылды. Сессияға қатысушылар пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.

 

Делегацияны университет қызметімен таныстыру барысында университет кампустарына экскурсия ұйымдастырылып, қонақтарға «Рухани жаңғыру» гуманитарлық - зерттеулер орталығы, «Н. Назарбаев орталығы: білім және ғылым», халықаралық инновациялық орталықтары мен зертханалардың қызметі туралы ақпарат берілді.

 

Кездесу өте жемісті өтті.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім