қазақша · русский · english
 
 
 
27.02.2017

«Болашақтың құрдасымын» атты әдеби жыр кеші

 

Алматы қаласы Қожа ахмет  Яссауи атындағы № 123 мектепте Филология және көптілді білім беру институты 5В011700- қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен  М.Мақатаевтың туғанына 86 жыл толуына орай әдеби жыр кеші өткізілді. Жыр кешіне  Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Б.Беделхан, актерлар Б.Қараманов, Д.Базарқұлов және М.Мақатаевтың 85 жылдығына арналған Республикалық жыр мүшайрасының бас жүлдегері -ақын Мақпал Мыса,  институттың филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Р.Ә.Шаханова және кафедра әдіскелері қатысты.

Кеште Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының  актерлары  Бейбіт Қараманов пен  Данияр Базарқұлов  М.Мақатаевтың шығармашылығынан сахналанған көрініс көрсетсе, ақындар Бақыт Беделхан мен Мақпал  Мыса ақиық ақынға арналған өз өлеңдерін оқып, М.Мақатаевы жыр айдынында ұрпақтан-ұрпаққа өз жырымен жалғасатынын, мәңгілік екенін айтып өтті.  М.Мақатаевтың туғанына 86 жыл толуына орай өткізілген әдеби жыр кешінде мектеп оқушылары мен студенттер бірлесе ақын өлеңдерін оқып, әндерін шырқап, ақын поэзиясын сахналық көрініске айналдырды. Филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Р.Ә.Шаханова кешті ұйымдастырушы  мектепте өндірістік педагогикалық практикадан өтіп жүрген 4 курс студенттеріне, жүргізушілер 4 курс студенттері Сапарғалиева Сая мен Мадияр Әсетке, мектеп ұжымына ризашылығын білдіріп, мектеп кітапханасына  кафедра атынан естелік кітаптар қалдырды. 

М.Мақатаевтың туғанына 86 жыл толуына орай өткізілген әдеби жыр кеші оқушылар мен студенттерді, кеш  қонақтарын қазақ өлеңінің шалқар шабытына бөледі.




Кері оралу