қазақша · русский · english
 
 
 
11.04.2017

Бізде қонақта Мәскеулік ғалым

        2017 жылдың 7 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ ф.ғ.д., Ұлттық зерттеу университетінің Экономика Жоғарғы Мектебі (Мәскеу) профессоры Олег Андершанович Лекмановтың көпшілікке арналған дәрісі өтті.
И. Бунинның «Таза дүйсенбі» әңгімесіндегі Мәскеу бейнесі» атты дәрісін орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының студенттері, магистранттары, докторанттары және Қыздар педагогикалық университетінің қонақтары және Алматы қаласының ашық әдебиет мектебінің қатысушылары тыңдады.

      Классикалық мәтіннің тамаша талдауын аудитория ұйып тыңдап, бұл дәріс тыңдармандардың қызығушылықтарын тудырды.
Олег Андершанович тыңдаушылардың көптеген сұрақтарына жауап беріп, қазақстандық әдебиеттанушы А.Л. Жовтистың кітабін сыйға тартып, жылы шыраймен қарсы алған кафедра оқытушыларына алғысын білдірді.
      Кафедраға Алматы қаласында өтіп жатқан «Ұлы жібек жолы бойымен» Халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесінің қатысушысы, белгілі Ресей әдебиеттанушысы және әдеби сыншы, «Знамя» журналының бас редакторының орынбасары Наталья Борисовна Иванова да бас сұқты.
Кафедрадағы кездесу Қазақстан мен Ресей филологтарының жылы, достық қатынасында өтті.

 

 

 

 

 

 




Кері оралу