қазақша · русский · english
 
 
 
29.03.2024

"Ертегі әлемінде": театрландырылған ойын-сабағы


2024 жылдың 28 наурызында "Мейірім" клубының аниматорлық бағыттары бойынша Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты департаментінің қолдауымен және қауымдастырылған профессор Гүлбахира Ширинбаеваның жетекшілігімен Ергешева Алсу, Қошанай Мерей, Зиябек Таңшолпан, Дүзбаева Нұрайым, Мұқан Жәмила, Мұхаметрахим Елдана, Жолдыбек Ергешева Гүлшат, Ибадуллаева Дильнура, Марат Айдана, Бейсембаева Балжан, Атибек Нұрай, Рыстай Алина дүниежүзілік театр күніне орай "Ертегі әлемінде" тақырыбында театрландырылған ойын-сабағын өткізді.


Іс-шараның негізгі әлеуметтік-педагогикалық мақсаты - еріктілердің анимациялық қызметінде театр әдістемесін игеру және кейіннен қолдану болып табылады.


Театр сабағы аясында реквизиттер мен декорацияны қолдана отырып, кейіпкерлер маскаларының элементтері негізінде ертегі бейнесін жасау бойынша залда "Пердені ашайық, достар!" сахналық алаңы ұйымдастырылды. Театрландырылған ойынның тақырыбы мен мазмұны әр ертегіде қорытындыланған адамгершілік бағытқа ие болды. Кейіпкерлермен бірге орындалған қойылым, практикалық тапсырмалар, "Костюмер", "Дыбыстау", "Актерлік шеберлік" викториналары мен конкурстары театр терминологиясы мен тарихы туралы білімді қамтыды. Нәтижесінде студенттер театрландырылған қойылымдарда жарық, музыка, декорация және анимациялық шеберліктің қандай рөл атқаратынын білді.


Соңында іс-шараның барлық қатысушылары анимациялық бағыттың жалпы шығармашылық қызметін құру барысында сезінген сезімдерімен алмасты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 

  alt=  

 

 

"Мейірім" еріктілер клубы




Кері оралу