қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.05.2024

«Шетел филологиясы (түрік тілі)» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада


2024 жылдың 6 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында Филология факультеті шығыс филологиясы және аударма кафедрасында «Шетел филологиясы (түрік тілі)» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың 2 кезеңі өтті. Айтулы шараны ұйымдастырушылар кафедра меңгерушісі, PhD Назым Конкабаева және түрік тілі пәні оқытушылары Ерғали Есбосын, Гүлназ Сатбай, Динара Ашимова мен Нұржамал Коспаганбетова.

 

Олимпиадаға Абай университеті, Абылайхан университеті, Әл-Фараби университеті А. Иассауи университетінің студенттері қатысты. Олимпиаданың ашылуы Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбековтың құттықтау сөзімен басталды. Х.Н. Жанбеков шығыс филологиясы және аударма кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерінің білім-ғылым саласы мен қоғамдық іс-шараларда белсенділік танытып жүргендігін атап өтіп, тілдік олимпиада сияқты күрделі істің халықаралық гуманитарлық қарым-қатынастарда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саясатымен үндесетіндігін атап өтті.

 

Түркия Республикасы Алматы Консулдығының Білім департаментінің басшысы Айхан Коркмаз екі ел арасындағы мәдени және гуманитарлық саладағы қарым-қатынастардың дәстүрлі түрде жоғары деңгейде дамып келе жатқандығын атап өтті. Шет тілді оқытудың ауқымын айқындайтын маңызды іс-шаралардың бірі - тілдік олимпиада екендігіне тоқталып, Түркияда қазақ тілін оқыту жүйесі мен Қазақстандағы түрік тілін оқытудағы үдерістерге шолу жасады.

 

Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы меңгерушісі Назым Конкобаева олимпиадаға қатысушы студенттер мен ғылыми жетекшілерін және олимпиада қазылар алқасының төрағасы мен мүшелерін жарыс бағдарламасымен таныстырды. Олимпиаданың басты мақсаты шет тілді кәсіби құзыреттілік тұрғысынан меңгеруін айқындау және бағалау екендігін атап өтті.

 

Екі турдан құралған олимпиадада аталмыш ЖОО келген студенттер өздерінің білімі мен тілдік бейімін көрсете білді. Тілдік және теориялық сайыстан кейін ғылыми жетекшелері кеңесі бойынша дайындап келген тақырып бойынша жоба жұмыстарын қорғады.

 

Әділқазылар алқасы төрайымы ҚызМемПУ шет тілдерін оқыту әдістемесі және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының PhD докторы, қауымдастырылған профессор м.а. Абуова Ақжарқын, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология факультеті Тіл теориясы және түркітану кафедрасы PhD докторы, доцент м.а. Буркитбаева Шынарай, Абай университетінің қауымдастырылған профессоры м.а. Есбосынов Ерғалидың шешімі бойынша жүлделі бірінші орынды Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Акбаржанова Зубайдам иеленді. 2 орынды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенті Салиуллақызы Лаура және Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің студенті Қалдыбай Әсел, 3-ші орынды Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттері Қасымбай Айымгүл, Сайыпханова Жұлдыз және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Әбілмажін Бегімай бөлісті. Абай атындағы ҚазҰПУ ректораты есебінен жүлделі бірінші орынға 50 000 теңге, екінші орынға 30 000 және үшінші орынға 20 000 теңгеден ақшалай сыйлық табысталды.

 

Олимпиада соңында кафедра меңгерушісі Конкобаева Н.Н. жүлделі орын иеленген студенттерді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогиалық университеті ректоры атынан Алғыс хатпен марапаттап, ақшалай жүлде сертификаттары мен бағалы естеліктерін табыс етті. Олимпиада түрік тілі пәні оқытушыларының жоғары білікті мамандар екендігін көрсетіп, кафедрамыздың халықаралық бағыттағы іс-шараларының да ауқымды екендігін көрсете білді.

 

  alt=  

  alt=