қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.05.2024

Абай университетінің студенттері Нұрғиса Тілендиевтің мемориалдық музейіне барды  

 

2024 жылдың 15 мамырында Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департамент пен Педагогикалық шеберлік академиясы «Тәлімгерлік мектебінің» ұйымдастыруымен университет студенттері «Алматы музейлеріне саяхат» тәлімгерлік жобасы аясында ХХ ғасырдағы қазақ дәстүрлі музыкасының алтын тірегі - ұлы композитор, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің мемориалдық музейіне барды.

Музейге барған Жаратылыстану және география факультетінің студенттері 1980-жж. қазақ интеллигенциясының тұрмысын көрсететін Нұрғиса Тілендиевтің үй-музейімен жақынырақ танысты.

Сонымен қатар, Н. Тілендиевтың жеке өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайтын музыкалық аспаптар, кітаптар, фотосуреттер, дирижерлік таяқшасы, концерттік киімдері мен қолданылған тұрмыстық заттарын тамашалады.

 

  alt=  

  alt=  

 

Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департамент