қазақша · русский · english
 
 
 
29.03.2024

Тарих және құқық институтының студенттері  «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты көрмені тамашалап қайтты

 

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының «Алматы Әуендері» ҚМҚК-на қарасты Алматы галереясында ҚР Дизайнерлер одағының, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, ҚР Көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі Оңғарбек Алхаров пен Қазақстанның өнер шебері Ләйлә Жарқынның «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты бірлескен жобасының көрмесі өтуде. Аталған көрмені 2024 жылдың 29 наурызы күні  Тарих және құқық институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манаповтың ұйымдастыруымен институт студенттері тамашалап, үлкен әсер алып қайтты.

 

  alt=  

 




Кері оралу